330 миллион теңгені жеп қойыпты

16.05.2018
Қаралды: 188

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас бухгалтері мен оның екі көмекшісіне бюджет қаржысын жымқырған деген күдік келтіріліп отыр. «Спутник Қазақстан» ақпараттық порталының хабарлауынша, олар 330 миллион теңге қаржыны талан-таражға салған көрінеді.

 

 

Күдіктілерге Қылмыстық Кодекстің «Сеніп тапсырылған мүлікті  иемдену немесе талан-таражға салу», «Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру заңнамасын бұзу», «Жалған құжаттар жасау, құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды, бланктерді, почталық есептесудің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды заңсыз жасау және тарату» деген сияқты бірнеше баптары бойынша айып тағылуы мүмкін.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ