Полицей сотталатын болды

16.05.2018
Қаралды: 44

Қостанай қалалық ішкі істер департаментінің қылмыстық істерді тексеру бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Абылай Шожановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

 

А.Шожановтың міндеті ұсақ қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу болған. Бірақ ол істі жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуынсыз жүргізген. Ол тараптардың атынан жалған қолжазба мәтіндер дайындап, оған өзі қол қойған, 3 адамға қатысты қозғалған қылмыстық істегі тергеу құжаттарын бұрмалаған.

 

Бүгінде бұл мәселе Қостанай қалалық №2 сотында қаралып жатыр.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ