Ұлы Жеңіске қосқан үлес ұшан-теңіз

14.05.2018
Қаралды: 218

Ұлы Жеңіске қосқан үлес ұшан-теңіз1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске Қазақстанның сіңірген еңбегі көп.  Бұл майданға елімізден 1 миллион 400 мыңға жуық  азамат аттанған. Олардың жартысына жуығы ұрыс далаларында қаза тапты.

 

Сол кездері Қазақстан халқы 6 миллиондай адам болса, соның төрттен біріне жуығы соғысқа алынды.  Одан бөлек, 700 мыңнан аса адам «Еңбек армиясында» болып, өнеркәсіпте, қорғаныс шепте­рін салуда, қираған қалаларды қалпына келтіруде еңбек етті.

 

Соғыс жылдарында Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полк­тар мен батальондар жасақталған. Олардың бәрі де майданның нағыз қатерлі тұстарында шайқасты. Қазақстандық жауынгерлер ерліктің өшпес үлгілерін көрсетті.

 

Соғыс кезінде Қазақстандағы жүздеген зауыт-фабрикалар, кеніштер майданға миллиондаған тонна өнім жіберді. Мысалы, Қарағандының өзінде 4 жылдың ішінде 35 миллион тонна көмір өндірілді, Қазақстан жерінен соғысқа қажетті мұнай өндіру 35 пайызға өсті. Еліміз майданға бүкіл КСРО бо­йынша өндірілген қорғасынның 83 пайызын, металды висмуттың 65 пайызын, молибденнің 60 пайызын,  мыстың 35 пайызын берді.

 

Қазақстан майданға 5 миллион 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік өнімдерін жөнелтті. Жауынгерлерге қажетті киім-кешек те Қазақстаннан тонналап жөнелтіліп тұрды. Бейнелеп айтқанда, Қазақстанды  май­дан­ның алып қоймасы деуге келетін еді.

 

Қазақстанның Ұлы Же­ңіске сіңірген еңбегін осылай жалғастырып айта беруге болады. Оны ешкім де ешуақытта жоққа шығара алмаса керек.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ