Судьялар да пара алады екен

14.05.2018
Қаралды: 194

Таразда қалалық сот судьясы 650 мың теңге пара алу үстінде қолға түсті. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкіліне сілтеме жасай отырып, «Нью Таймс. кз» ақпараттық порталы жария­лады.

 

 

Пара алған судьяны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік және коррупцияның алдын-алу бөлімінің қызметкерлері ұстаған.

 

Ал судья 650 мың теңгені бір азаматтан оған мүлік бөлісу жөніндегі азаматтық іс бойынша атқару парағын бергені үшін алған. Ұсталған кезде кінәсін бірден мойындағаны үшін ол қамауға алынбаған. Бүгінде үстінен сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ