Басқарма басшысы парамен ұсталды

14.05.2018
Қаралды: 148

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы пара алу үстінде қолға түсті. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

«Оны тексеру нәтижесіне оң қорытынды жасағаны үшін заңды тұлға өкілінен 300 мың теңге пара алу үстінде Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысындағы департамент қызмет­керлері қолға түсірді», – делінген мәлім­демеде.

 

Бүгінде күдікті азамат сот санкция­сымен қамауға алынған, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ