Селитра «жемеген» құлпынайды ажырату қиын емес

10.05.2018
Қаралды: 466

Базарларға құлпынайдың түсе бастағанына да біршама уақыт болды. Жаздың алғашқы жидегін жұрт­шылық­тың жақсы алатынын білетін пысықайлар да осы мау­сымда көбірек табыс түсіріп қалғысы келеді. Сол мақсатта түрлі айла мен амал пай­да­ланып, құлпынайды тезірек «пісірудің» қамына кіріседі. Ал құрамында түрлі химикат пен нитраты жоқ құлпынайды қалай тануға болады?

 

Негізі құлпынайдың сабағынан жаңа үзілгенін алған дұрыс. Ал тоңазытқышта 48 сағаттан көп сақталынған құлпынай өзіне тән түсі мен дәмін жоғалтады.

 

Балғын құлпынайдың түсі алқызыл болып, жылтырап тұруы керек.

 

Құлпынайдың сабағы барын сатып алыңыз. Мұндай құлпынай балғындығын ұзағырақ сақтайды және тез бұзылмайды.

 

Жидекті сатып аларда иіскеп көрудің де зияны жоқ. Егер шіріндінің, тыңайтқыштың,­ зәктің иісі шығып тұрса, оған жоламай-ақ қойға­ныңыз дұрыс. Ал иісі мүлдем жоқ болса, оның тезірек пісуіне «көмектескен» деп түсіне беріңіз.

 

Құлпынайда қара дақтар болмауын қа­дағалаңыз. Ол құлпынайдың бұзыла бас­та­ғанының белгісі.

 

Білетіндердің айтуынша, түріктердің құл­пынайы жақсы. Ол жақта құлпынай жыл бойы өсетіндіктен ешқандай химикат қолданбайды. Және оның қосылмауын қадағалап, бақылайтын арнайы мекемелер бар. Ал бізде кәсіпкер­лерді тексеріп жатқан ешкім болмағандықтан тезірек пісуі үшін зиянды заттарды ойланбастан пайдалана беретіні рас.

 

Тым қарақошқыл болып кеткен құл­пынайды алудың да қажеті жоқ. Бұл оның құрамында селитраның көптігін білдіреді.

 

Егер құлпынай химикаттардан таза болса, ол салынған ыдыстарда шырын ізі қалады.­

 

Құлпынайды жуған соң бірер сағатқа дейін шырын бөлінбесе, оны жемей-ақ қойғаныңыз дұрыс. Ол құлпынайды бірдеңемен өңдеге­нін немесе құрамында ГМО барын біл­діреді.

 

Негізі құлпынайдың пісетін уақыты – мамырдың соңы мен маусымның басы. Одан бұрын сатылатын құлпынай жылыжайда өске­нінің немесе химикаттардың күшімен піскенінің белгісі деп түсіне беруіңізге болады.

 

С. ИКРАМҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ