Пітір садақасы – 300 теңге

11.05.2018
Қаралды: 124

Әне-міне дегенше қасиетті Рамазан айы да жақындап қалды. Оның басталуы алдағы 16-мамырға тура келмек. Биыл ол 30 күнді толық қамтиды.

 

Рамазан айында мұсылмандардың бір ай бойы ораза тұтатыны белгілі. Бұл айда шариғатта бекітілген бұдан басқа да көптеген амалдар жасалынады. Сондай-ақ Рамазан айында әрбір мұсылман баласы өзі, отбасы мүшелері мен қамқорлығындағы адамдар үшін пітір садақасын беретіні де мәлім. Ол – жағдайы төмен адамдар­ға, жетім-жесірлерге берілетін садақа. Пітірді осындай жандарға беруге, сондай-ақ мешіттерге өткізуге де болады. Мешіттер де ол қаржыны жағдайы төмен адамдардың қажеттілігіне бағыттайды.

 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Төрал­қа мәжілісінің мүшелері биылға пітір садақасының мөлшерін 300 теңге деп бір ауыздан бекітті. Яғни пітір садақасы еліміздің барлық аумақтарында осы мөлшерде берілетін болды.

 

Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап ораза айт намазына дейін беріледі.

 

Дін адамдарының айтуынша, пітір садақасын «Дененің зекеті» деп те атайды. Оны күнделікті негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде 85 грамм алтынға немесе оның құнына тең байлыққа ие адамдар береді.

 

Ендеше, қасиетті Рамазан айын лайықты қарсы алуға дайындалыңыз, жамағат! Еткен амалдарыңызды, ниеттеріңізді Алла қабыл еткей!

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ