Грант иегері атанды

04.05.2018
Қаралды: 320

Таяуда Түркістандағы Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде V республикалық «Йассауи» пәндік олимпиадасының қорытындысы жарияланды. Бұл білім бәсе­кесіне қатысқан 77 оқушы университет грант­тарын жеңіп алды.

 

 

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының аясында өтіп отырған дәстүрлі республикалық пән олимпиадасына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 6500-ге жуық оқушысы қатысқан болатын. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Оқушылардың тегін сапалы білім алуына мүмкіндік беретін олимпиаданың мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр.

 

Салтанатты марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және оқу орнының І-ші вице-президенті М.Куталмыш жеңімпаздарға 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі ХҚТУ білім гранты дипломы мен сертификаттарын табыстады.

 

Бұл пән олимпиадасында өз білімдерімен озып шыққан 77 оқушы грант иегері атанды. Жеңімпаздарға ҰБТ-дан 50 балдан жоғары ұпай жинау шартымен Йассауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді.

 

Бұл білім сайысына Шымкент қаласындағы №90 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айдар Тағаев та қатысып, бағын сынаған болатын. Ол барлық кезеңдерден жоғары балл жинап, грантқа ие болды.

 

Біз Айдарды осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оның өзі білім алған мектеп пен ата-анасының үмітін ақтап,  алдағы уақыттарда да жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдіміз.

 

Шымкент қаласындағы

№90 жалпы орта мектебінің ұжымы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ