7 жастағы Даниал – Әлемнің екі дүркін чемпионы

08.05.2018
Қаралды: 473

 7 жасар Даниалдың спорттағы даңқы бір атанға жүк болатындай.  Шын мықтылар ғана баратын спорттың джиу-д­житсу түрінен жеткен жетістігі толағай. Тән ауыртар жаттығумен мың сан айланы жетік меңгерген ол психологиялық тұрғыдан да бекем екенін көрсетті.

 

Жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу-Дабиде балалар арасында өткен Әлем чемпионатында ол алтын медаль  жеңіп алды. 7 жасар Даниял Биболұлы 22 кило салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін алып та, шалып та жықты. 

 

Созақтың  тумасы Даниал Биболұлы бүгінде Астана қаласында тұрады. Джиу-джитсудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген.

 

«Шымыр болсын деп кішкентайынан спортқа бергенбіз. Қазір әбден төселіп алды. Жаттығуды жібермейді. Бүгінде біраз жетістікке жетті», – дейді немересінің жеңісті жолы туралы оның атасы Айдар Әшірбеков.

 

Жекпе-жек спортының төресі – джиу-джитсудан 7 жасында екі рет Әлем чемпионы болған Даниал Биболұлының жеңісті жолы рекордтар кітабына сұранып тұр.

 

Е. РАЙЫМҚҰЛОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ