Асылық сөз айтудан абай болайық, ағайын!

30.04.2018
Қаралды: 124

Өткен жолы «Қалаулымда» мынадай бір масқара пікір айтылды: Он бала туып, сапасыз бала өсіргенше, екі баланы сапалы етіп өсіру керек дейді.

 

Сонда осыны айтып отырған қыз-жігіттердің ата-анасы да сапасыз болғаны ма? Өздері сондай сапасыз әке-шешеден туылды ма?

 

Аша Матайдың өзі осы пікірді қолдап отыр. Бұл деген – өте қате айтылған пікір. Олардың ойынша, тек жоғары білім алғандар ғана сапалы болып тұр. Ал оқымаған, далалы жерде тұратын ауыл халқы сапасыз болғаны ма? Сапалы деп отырған министрлеріңнің көбі сол ауылдан шыққан жоқ па? Солардың сапалы тәрбиелеп отырған бір немесе екі баласы ертең кім боларын ешкім де айта алмайды. 

 

Ал сол сапасыз деп отырған, оқымаған ауылдың балаларынан келешек министрлер немесе ел билейтін Президент шығуы мүмкін екенін солар түсінер ме екен?

 

Қазақта: «Асық сөйлеме, астына түсесің» деген сөз бар. Лажы болса, асық сөйлемеген дұ­рыс. 

 

Осы бір пікір менің санама қатты әсер етті. Әрине, оқып, білім алған жақсы. Бірақ қабілетті, білімді, жігерлі маман екі баладан шыға ма, әлде он баланың арасынан шыға ма – оны тек Құдай ғана біледі. Жастар жағы осындай келте ақылдан арылса екен деймін.

 

«Келешек ұрпақты дұрыс жолмен тәр­биелейік, ағайын!» – дегім келеді.

 

Керімбек АХМЕТОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ