Қымыран мен шұбатты айыра біліңіз

30.04.2018
Қаралды: 653

Түйенің пісірілмеген сүтінен ашытылған сусын – қымыран. Пісірілген сүтінен ашытылғаны – шұбат.

 

Шұбат сүттегі су ұшып кететіндіктен қымыранға қарағанда қою, дәмді келеді, иісі аңқып тұрады. Кірпияз, таза әйелдер қымыранды  пісірмей ашытпайды. Себебі түйе малы жылқы емес, оның туберкулезбен, бруцеллезбен ауыратыны болады.

 

Саудаға шығаратындар негізінен қымыран сатады, сүтті пісіріп жатуға ерінеді. Ақшамен қатар абыройын да ойлайтындар жартысын пісіріп ашытып, екеуін араластырып, қосып сатады.

 

Қысқаша – осы. Сақ тілінде «қым» – сүт деген сөз. Қымыз бен қымыранның түбірі бір. Сақтар сиыр ұстамаған. Есесіне жылқыны қолға үйретіп, сүтін ішкеніне – 6000 жыл!

 

Өмірзақ АҚЖІГІТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ