Жанат Тәжиева – департамент басшысы

28.04.2018
Қаралды: 594

Бұған дейін Шымкент қалалық білім бөлімін басқарып келген Жанат Тәжи­ева жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметін атқаратын болды.

 

Жанат Тәжиева – білікті педагог. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасында жұмыс істеген. Ол 2009 – 2014-жылдары Шымкент қалалық білім бөлімін басқарған. Кейін қала әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне басшылық етті. 2016-жылы маусым айында Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне екінші мәрте тағайындалған.

 

Жанат Тәжиева облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы лауазымына қатысты арнайы жарияланған конкурстан оң қорытынды алған болатын. Яғни ол кісіге өте жауапты міндет жүктеліп отыр. Біз Жанат Арысбекқызының жаңа қызметте де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білді­реміз.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ