Мәдениет үйінің директоры «майшелпекке» түйілді

27.04.2018
Қаралды: 165

Жамбыл облысының Шу аудандық соты мәдениет үйінің бұрынғы директорына қатысты шешім шығарды. Оған алған параның 50 еселенген сомасы көлемінде (3 миллион 500 мың теңге) айыппұл салынды, ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқынан өмірлікке айырылды.

 

 

Мәдениет үйінің директоры биыл­ғы ақпан айында мекеме қызмет­керінің бірін өз кабинетіне шақырып алып, оған бос жұмыс орнын ұсынған, сол үшін 70 мың теңге пара талап еткен. Ол осы сомадағы ақшаны алу үстінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы қызметкерлерінің қолына түскен. Сот кезінде ол өзінің кінәсін толық мо­йындаған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ