Көші-қон полициясы басқармасының бастығы сорлап қалды

26.04.2018
Қаралды: 711

Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Нұрдәулет Төлегенұлы қамауға алынды. Бүгінде оның үстінен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

Жарияланған мәліметтерден белгілі болғаны, Н.Төлегенұлын Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің және Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті ішкі қауіпсіздік қызметінің адамдары пара алу үстінде қолға түсірген. Пара көлемі – 3,5 мың нағыз доллар және 30 мың жалған доллар.

 

Алғашында Н.Төлегенұлы аталған сомадағы ақшаны Ауғанстанның 4 адамына Қазақстан азаматтығын әперу үшін алған деп айтылған еді. Кейін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов оған алаяқтық бойынша күдік келтіріліп отырғанын айтты.

 

«Біздің анықтағанымыз – ол бұрын да, кейін де ешқандай азаматтықты сатпаған. Оның рәсімдеген адамдарына тиісті құжаттар бұрын заңды түрде толтырылып қойған. Ол алаяқтыққа барған, оның ісі алаяқтық деп дәрежеленеді», – деді М.Қабденов. Яғни ауғанстандық азаматтарға бұрын оралман статусы берілген екен.

 

...Нұрдәулет Төлегенұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясының бастығы қызметін 2016-жылдың ақпан айынан бері атқарып келген еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ