25 мың теңге пара аламын деп оны 60 есе көлемде құсуға мәжбүр болды

25.04.2018
Қаралды: 253

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты 25 мың теңге пара алған полиция аға лейтенантына қатысты үкім шығарды. Оған 1 миллион 500 мың теңге айыппұл салынды, ол әскери шенінен және мемлекеттік қызметте істеу құқынан өмірлікке айырылды.

 

Бұл азамат қызмет бабымен жүріп бір автокөлікті тоқтатқан, иесінің құжаттарын тексерген екен. Сонда сақтандыру полисінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін анықтайды. Сосын көлік жүргізушісінен әкімшілік жазаға хаттама толтырмауы үшін 25 мың теңге талап етіпті. Ал әлгі адам полицейге қолма-қол 5 мың теңге береді де, артынша тиісті орындарға шағымданады. Т. есімді бұл полиция қызметкері көп ұзамай аудандық ішкі істер бөліміндегі өз кабинетінде қалған 20 мың теңге параны алу үстінде қолға түскен.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ