«МАИ»-дің полк командирі қолға түсті

24.04.2018
Қаралды: 254

Алматыда жол-патрульдік полициясының полк командирі пара алған деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті.

 

«17-сәуір күні Алматы қалалық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы полкінің командирі, майор М.Байғазиновті 200 доллар пара алу үстінде қолға түсірді», – деді ол.

 

Ұсталған майор уақытша оқшау­лау абақтысына қамалған. Оның үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ