Бұрынғы прокурорға қатысты үкім шықты

23.04.2018
Қаралды: 90

Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының прокуроры Ержан Тұрыс­бековтің пара алу үстінде ұсталғаны туралы газетіміздің бұдан бұрынғы нөмірлерінің бірінде хабарлағанбыз. Таяуда оның ісіне қатысты сот үкімі шықты.

 

 

Сот процестері барысында Е.Тұрысбеков 1000 доллар пара алғанын мойындаған. Оған алған пара сомасының  30 еселенген мөлшерінде – 9 миллион 810 мың теңге айыппұл салынды, ол мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқынан өмірлікке айырылды.

 

Сотталған азамат айыппұлды үкім күшіне енгеннен кейінгі 1 ай ішінде толық төлеп бітпесе, заң бойынша сот үкімі кінәліні бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ