Жегені желкесінен шығып, жеті жылға сотталды

23.04.2018
Қаралды: 204

Астана қаласының аудандық №2 соты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жөніндегі комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты үкім шығарды. Ол 7 жылға сотталды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылды.

 

Б.Мусин өткен жылдың наурыз айында пара алған деген күдікпен ұсталған еді. Сонда ішкі істер департаменті пара сомасы 1 миллион 400 мың теңгені құрайды деп хабарлаған болатын. Оның «Ассар kz» деп аталатын компаниядан – 1 миллион теңге, Құлшариев деген кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны туралы айтылады.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ