Аса ірі көлемде пара алыпты

23.04.2018
Қаралды: 306

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Руслан Ерданаевқа қатысты сот үкімі шықты. Оған «аса ірі көлемде өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-тараж­ға салу» және «аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша айып тағылды, ол 12 жылға бас бос­тандығынан айыру жазасына кесілді, мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқынан өмір бойына айырылды. Одан 400 мың доллар (132 миллион теңге) ақша тәркіленетін болды.

 

Сондай-ақ осы іс бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшысының бұрынғы орынбасары Дабыт Медетбеков 11 жылға сотталды, одан 98 миллион теңге тәркіленді. Қордың департамент басшысы Мұса Бахтов – 7 жылға, «Бозгул Аурум» серіктестігінің басшылары Бақытжан Кенжебаев пен Азат Найзағарин 8 және 7 жылға сотталды. Тал­ғ­ат Тұртаев 1 жылға сотталып, рахымшылық заңы бойынша сот залынан босап шықты.

 

Бұл азаматтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын талан-таражға салған деген айып тағылғаны белгілі. Яғни 2016-жылы аталған қор 5 миллиард теңгеге құнды қағаздар сатып алған екен. Кейінгі болған тексеру кезінде істен ши шығып, ол қаржы жымқырудың әрекеті деп бағаланған, кінәлі деп табыл­ғандар қамауға алынған еді.

 

...Жалпы, сотталушылардың туыстары үкіммен келіскен жоқ. Мысалы, Р.Ерданаевтың әйелі күйеуін ақша ұрламаған, пара алмаған дейді, ол соңына дейін әділдік іздейміз деген пікір білдірді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ