«Аламанда» 70 адам футбол ойнай алады

21.04.2018
Қаралды: 444

Белгілі кәсіпкер Ерлан Нұрмаханов басқаратын «ERNUR» корпорациясы тағы да бір нысанның құрылысын аяқтады. Ол жастар арасында спорт ойындарын насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Аламан» («ALAMAN») деп аталатын спорт кешенін халық игілігіне пайдалануға бергелі отыр.

 

Бұл спорт кешені Қажымұқан атындағы орталық стадионға жақын жерде (Мәделіқожа көшесі, 1/13 үй) орналасқан. Оның құрылысы 2016-жылы маусым айында басталып, 2018-жылғы сәуірде аяқталды.  Жұмыстарын «MARDEN GROUP» құрылыс компаниясы жүргізді. Шығынына жалпы 250 миллион теңге қаржы жұмсалды. Инвесторы – «ERNUR» корпорациясы. Спорт кешенінің директоры – Еркебұлан Нұрмаханов.

 

«ALAMAN» спорт кешенінің аумағы 1 гектар жерді қамтиды. Онда 5 жабық футбол алаңы бар, бір мезгілде 70 шақты адам футбол ойнауына болады. Спорт алаңдарының жабыны, құрал-жабдықтары, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелері – бәрі де заманауи жаңа озық технологиялық үлгіде жасалған. Аумағында 40 орындық тегін автотұрақ жұмыс істейді. Бұдан басқа да  қосымша қызметтер көрсетіледі.

 

Спорт кешені таңғы сағат 8-ден түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Онда қандай ауа райында болмасын жылдың төрт мезгілінде де футбол ойнай беруге болады.

 

...Қысқасы, қаламыздағы спорттық орталықтар тағы да өзгеше бір кешенмен толықты. Біз бұл нысанды халық игілігіне ұсынып отырған әріптестеріміздің ісіне сәттілік тілейміз.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ