Қозықұйрықтың ұсақтарын таңдаңыз

20.04.2018
Қаралды: 147

Қазір жер-жерлерде қозықұйрықтың пісіп жатқан уақыты, сондықтан сауда орында­рынан оның түр-түрін табуға болады. Дегенмен оны дұрыс таңдай білген жөн. Мына жайлар есіңізде болсын:

 

Қозықұйрықтың ұсақтарын алған жақсы. Жас, бал­ғын қозықұйрықта ағзаға қажетті витаминдер мен минералдар көп сақталады.

 

Қозықұйрық балбыраған бос емес, тығыз, қаттырақ болуы керек. Ол аса ылғалды да болмауы тиіс.

 

Салмағы көзбен шамалағаннан біршама ауыр болуы керек.

 

Өнімнің бүтіндігіне мән беріңіз, оған құрт түспеген болуы тиіс. Құрт түскен қозықұйрықта ағзаға аса зиян зеңнің тұқымдары, ауру тарататын микробтар болуы да мүмкін.

 

Ең дұрысы, сатушыдан қозықұйрықты қалай сақтау­ды, пісіруде қандай ережелер сақтауды тәптіштеп сұрап алыңыз.

 

Қозықұйрық құрамында жасұнық көп, ол ағзадағы зиянды зат­тарды өзіне сіңіріп, сыртқа алып шығатын қасиетке ие. Сондықтан көктемде оны жеп тұрған жақ­сы. Бірақ сақтық шараларын әрқашан есте ұстаған жөн.

 

Қозықұйрық ағзадағы холестерин мөлшерін кемітеді. Оның құрамында ағзаға аса пайдалы амин қышқылдары да мол.

 

Қозықұйрықтың қандай жерден терілгеніне де мән беріңіз. Егер ол экологиялық ахуалы нашар жерден, көліктер көп жүретін жол бойынан терілген болса, онда оның құрамында ауыр металдар болуы әбден мүмкін. Себебі олар топырақтан, ауадан кез келген нәрсені өзіне тез сіңіреді.

 

Жалпы, қозықұйрықты басқа үйреншікті өнімдер сияқты қабылда­май­, оған сақ қараған жөн. Оны жөнін білетін адамға пісірткен жақсы.­

 

С.ИКРАМҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ