Ерте тұрсаң, ісің де, ырысың да артады

20.04.2018
Қаралды: 266

Осыдан жеті жыл бұрын қатты ауырдым. Басым сынып ауырғанда жанымды қоярға жер таппай кететінмін. Сырттай қарасам бәрі жақсы, отбасы, балаларым, ата-анам аман-есен, қарным тоқ. Бірақ мені ауру айналшықтап шықпайды. Яғни өзіме көңілім толмайды.

 

Сырқат қайдан келеді, өзіңді жегідей жей бергеннен қозады. Жолдасым мені емделуге Сеулге жіберді. Кореялық дә­рігерлер маған «аневризм» деген диагноз қойды. Яғни басымдағы қан тамырлары ісіп кеткен. Ол ісе берсе жарылып кететін көрінеді. «Шешудің жолы – операция» деді. Сонымен бұл отаның қандай болатынын жан-жақтан іздеп, таныса бастадым. Сөйтсем, оны бастың қауашағына жасайды екен, шошып кеттім. Сеулдемін, қасымда 8 жасар балам бар. Мені Кореяға ертіп барған құрбымның қызы дәл осы клиникада отадан кейін қайтыс болды. Ол мәйітті алып Қазақстанға ерте кетіп қалды. Осыдан кейін операция жасамақ түгілі, оны ойлаудың өзі қорқыныш тудырды. 

 

Содан не керек, «ойланайын» деп Алматыға қайттым. Келе сала Қытай медицинасына жүгіндім. Жақсы болып қалған сияқты сезінем де, бірақ аз уақыттан соң қайта басталады. Осылайша аурумен алысып жүргенде жолдасым Ресейден бір кісі келіп, ем жүр­гізетінін айтты. Қолымнан же­тектеп, өзі семинарға апарып тастады. Ол кісі 100-жуық адамды алдына жинап алып сыбырлап бірдеңе айтады. Мен түк естімеймін. Оған әбден ашуландым, тұрып кетіп қалғым келді. Бірақ әрең шыдадым. Ертесіне бар­маймын деп шу шығардым. Бірақ жолдасым: «Бүгін тағы бар, ұнамаса қоя саларсың», – деп кеңес бергесін, сүй­ретіліп әрең бардым.

 

Сол күні ең алдына барып отырып алдым. Сөз­дерінің бірін естісем, бірін естімеймін. Бірақ семинардан ерекше эйфориямен қайт­тым. Сегіз күндік семинар кезінде әлгі адамнан көп нәр­се үйрендім. 80 жастағы апаның мостик жасап, шпагатқа отыратынын көріп таңдандым. Алдына қойған мақсаттарын естіп көзім шықты. 30 жастағы өзімнің істеп жүр­ген тірлігімнен ұялдым. Шишаның (стекло) үстімен жүріп, миды өшіру теxникасын үй­рендім. Ол кісімен Қытай аралап, олардың философиясымен таныстым. Жаңа өмірге қадам бастым.

 

Айтайын дегенім, әлгі психолог бізге ерте тұрудың пай­­дасы көп екенін айтты, таң­ертең жасалатын дұғаның сиқырымен таныстырды. Бар ау­рудың көп ұйықтағаннан келетінін ұқтырды. Осылайша мен өзге өмірдің есігін аштым. Бас ауруы өзінен-өзі тоқтап, өмірім басқа арнаға ауысты.

 

Адам аурумен алысқанша сананы түзеуді қолға алуы керек екен. Содан бері мен ерте тұруды әдетке айналдырдым. Сол кезеңнен бастап алдыма мақсат қойып, со­ған жетуге талпынып үй­рендім. Одан кейін талай коуч­тың семинарына, біраз шаманның оқуында болдым. Бәрін жинақтай келе айтарым, денім сау, табысты болам десеңіз, онда күнделікті ерте тұрыңыз. Энергиям көп болсын десеңіз, ерте тұру керек. Ісім алға бассын десеңіз, ерте тұру керек. Жолым болсын десеңіз де ерте тұру керек.

 

«Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген сөз текке айтылмаған, қыздар!

 

(Айнұр АСАНБЕРДІНІ­ жазбасынан).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ