Мақтаарал ауданын Жамантай Бейсенбаев басқарады

13.04.2018
Қаралды: 215

2016-жылдың тамыз айынан бері Мақтаарал ауданының әкімі болып келген Ғалым Исмайылов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Аудан тізгіні Жамантай Бейсенбаевқа тапсырылды.

 

Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев 1958-жылы дүниеге келген. Жоғары білімді ғалым-агроном, заңгер. Ол еңбек жолын 1982-жылы Алматы облысының Қаскелең ауданындағы шаруашылықта аға агроном болып бастаған. Кейін Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақтарының Шымкент облысындағы Жетісай аудандық комитетінің хатшысы болған, партия, кеңес органдарында жауапты қызметтер атқарған. Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, Жетісай қаласының әкімі болған.

 

Ж.Бейсенбаев Мақтаарал ауданының әкімі қызметіне екінші мәрте тағайындалып отыр. Бұл қызметті ол 2015-жылдың мамыр айынан 2016-жылдың тамыз айына дейін де атқарған болатын, кейін облыс әкімінің кеңесшісі болып ауыстырылған еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ