Ербол Тасжүреков – облыс әкімінің орынбасары

13.04.2018
Қаралды: 252

Оңтүстік Қазақстан обысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Ербол Тасжүреков облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Ербол Қуанышұлы Тасжүреков 1979-жылы Жамбыл облысында өмірге келген. Ол Тараз­ Мемлекеттік университетін, Халықаралық қа­зақ-түрік университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Францияның Ұлттық әкімшілік бас­қару мектебінен білім алған. Мамандығы бойынша – экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Еңбек жолын 1998-жылы жеке серіктестікте менеджер болып бастаған, кейін басшылық қызметтерде істеген. Астананың Алмалы аудандық сотында, Астана қалалық сотында, Өңірлік даму министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2016-жылдың қараша айынан бері Инвестиция және даму министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып келді.

 

...Ал облыс әкімінің орынбасары қызметін 2016-жылдан бері атқарып келген Бауыржан Жамалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Ол әкім орынбасары ретінде кәсіпкерлік, индустрия­лық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және туризм салаларына жетекшілік етіп келген еді.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ