Президенттеріне «Кет!» деп жатыр

13.04.2018
Қаралды: 209

Францияның 2007 – 2012-жылдар аралығындағы Президенті бол­ған Николя Саркозиге жақын күндері ресми айып тағылуы мүмкін. Іс оның сайлауалды науқан кезінде Ливиядан қыруар қаржы алғаны төңірегінде қозғалмақ. Оның Ливиядан ақша алғанын марқұм Муаммар Каддафидің ұлы Сайф аль-Ислам Каддафидің өзі растаған көрінеді. Яғни Саркозидің қылмыстық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін.

 

Сондай-ақ сайланғанына бір жыл да толмаған Францияның қазіргі Президенті Эммануэль Макронды да (41 жаста) халық састырып тұр. Жұрт оның іске асырмақ бірқатар реформаларына үзілді-кесілді қарсылық білдіруде. Кешегі аптада осыған байланысты көшеге шыққан шерушілер мен полицияның арасында қақтығыс болды.

 

Сондай-ақ сайлауалды науқанында әйелінің (ол Президенттен 24 жас үлкен) алдағы уақытта тек қоғамдық істермен ғана айналысатынына уәде еткен Макронның енді оны елдің №1 ханымы дәрежесіне көтермек ниеті де отқа май құя түскендей болып тұр. Халық Пре­зиденттің әйелі Бриджит Макронның салық төлеушілердің ақшасынан жалақы алып жұмыс істеуіне мүлде қарсы, онсыз да оған қызмет ететін бес-алты адамның бюджет қаржысына жұмыс істеп жүргені жетеді дейді.

 

Қысқасы, бүгінде Франция Президенті Э.Макрон өте қиын жағдайда қалды. Оның отставкаға кетуін талап етушілер қатары күн санап артып келеді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ