Айыр қалпақты қорлағандарды аямайды

13.04.2018
Қаралды: 258

Қырғызстанда елдің Әкімшілік Кодексіне өзгерістер енгізу туралы жоба жасалып, халықтың талқысына ұсынылды. Онда қырғыз ағайынның ұлттық бас киімі – айыр қалпақты қорлаған адамдарға қатысты жаза қолдану жөнінде де ұсыныс бар. Яғни мұндай әрекет жасаған адам­ға бірінші ретте 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

 

Естеріңізде болса, қыр­ғыздың Жоғарғы Кеңес депутаттары биылғы жыл басында айыр қалпақты ұлттың өзіндік символдарының бірі ретінде тану туралы ұсыныс білдіріп жатқанын жазғанбыз. Депутаттар басшы азаматтарды ресми кездесулерде, шетелге іс-сапарға шыққанда ұлттық бас киім киіп жүруге міндеттеу туралы сөз қозғаған болатын. Оны спортшылардың да халықаралық жарыстарда басына киіп шығуы керектігі жөнінде ұсынылған еді.

 

Мұның бәрі айыр қалпақ арқылы елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтау әрі қырғыз ұлтын өзгелерге таныта түсу үшін жасалмақ. Ал депутаттардың мұн­дай бастама көтеруіне сәндік киімдерді көрсетпек болған баз­біреулердің итке айыр қалпақ кигізуі себеп болған еді. Сол кезде ұлтшыл азаматтар оны қырғыз ұлтын басыну, ұлтаралық жанжал тудыруға талпыну деп бағалап, біраз шулаған болатын.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ