Тергеуші есірткі тасыған ба?

12.04.2018
Қаралды: 76

Алматыдағы халықаралық әуежайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бо­йынша департаментінің тергеушісі ұсталды. Бұл оқиға туралы «Нұр.кз» сайты жариялады.

 

 

Жарияланған хабарда бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасы кезекші прокурорының авиациялық транспорт прокуратурасының кезекші прокурорына хабарлағаны туралы айтылады. Яғни әуежайда өткізілген жоспарлы іс-шара кезінде полицейлер мен авиация­лық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Орал қаласына баратын ұшаққа отырмақ болған адамды ұстапты. Одан марихуана сияқты есірткі салынған темекі «пачкасы» табылған көрінеді.

 

Бүгінде бұл оқиғаға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

 

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ