9 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

12.04.2018
Қаралды: 123

Кезінде Ақмола облысындағы Көкшетау ауданына қарасты Қосшы ауылының әкімі қызметін атқарған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Сот материалында оның бір кәсіпкер әйелге коммерциялық мақсатқа пайдаланатын жер телімін алуға жәрдем көрсеткені үшін одан 3 миллион теңге пара алғаны туралы айтылады. Параны ол Астанадағы бір мейрамхана маңында, көлік ішінде отырып алыпты.

 

 

Әйтсе де бұл азамат ондай көмек көрсетуге құзіреттік мүмкіндігім жоқ еді, бұл біреулердің әдейі ұйымдастырған жаласы деген желеумен өзіне тағылған айыпты мо­йындамаған. Дегенмен сот оны қызметтік құзіретін пайдалана отырып, сеніміне кіру арқылы өзгенің меншігін алаяқтықпен алдап алған деп тапқан. Сөйтіп, оған 4 айлық есептік көрсеткіш (9 миллион 620 мың теңге) көлемінде айыппұл салған, сосын оның уақытша оқшаулау абақтысында отырған мерзімін шегеріп, айыппұл мөлшерін 8 миллион 869 мың 640 теңге деп бекіткен. Сондай-ақ оған алдағы 3 жыл ішінде әкімдік қызмет атқаруға тыйым салған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ