Қоғамдық бірлестіктің төрағасы тұтқындалды

11.04.2018
Қаралды: 168

Алматыда «Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Аку­ов тұтқындалды. Бұл азаматқа осыған дейін іздеу жарияланған екен.

 

 

Алматы қалалық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бұл азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалуына көптеген адамдардың жазған арызы себеп болған. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берген.

 

Бүгінде полиция ұсталған азаматтың іс-әрекетінен зардап шеккен адамдардың қалалық ішкі істер департаментінің тергеу бас­қармасына хабарласуын сұрап отыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ