20 миллион теңге пара беруге итермелеген

10.04.2018
Қаралды: 73

Қостанай облысында Қылмыстық атқару жүйесі Комитетіне бағынышты «Еңбек Қостанай» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін уақытша атқарып жүрген азамат істі болды. Оған «қызметтік құзіретін қолдана отырып алаяқтық жасауға оқталған, лауазымды тұлғаны аса  жоғары көлемде пара беруге итермелеген» деген айып тағылып отыр.

 

 

ҚАЖК Қостанай облыстық «Қостанай Еңбек» филиалы аталған облыстағы еңбекпен түзеу мекемелеріне шаруашылық істері бойынша қызмет көрсетеді екен. Жарияланған деректерге қарағанда, оның басшысы мемлекеттік тапсырыстар жөніндегі бөлімді басқаратын азаматты 20 миллион теңге пара беруге көндіріпті. Қомақты ақша тексеруге келген құзырлы орган қыз­меткерлерінің қылмыстық іс қозғамауы үшін керек деп түсіндірген. Ақшаны Қостанайдан шыға берісте, көлік ішінде алған екен.

 

Бүгінде бұған қатысты қылмыстық іс Қостанай қалалық сотына түсіп отыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ