Швейцар банкінен «тоқтамға» қойылған қаржы табылды

09.04.2018
Қаралды: 210

Еліміздің Бас Прокуратурасы Швейцариядағы бір банкте «тоқтамға» қойылған 1,3 миллион доллар қаржы барын анықтағанын хабарлады. Бас Прокуратураның мәлімдеуінше, бұл қаржы 2012-жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық М.Әбдәлиевке тиесілі. Оған әйгілі «Қорғас ісі» бойынша айыпталған қылмыстық қоғамдастыққа заңсыз жолмен табылған ақшаны шетелдерде заңдастыруға астыртын жәрдем берген деген күдік келтірілген.

 

Прокурорлар швейцар банкіндегі атал­ған ақшаны тәркілеу жөнінде сот­қа өтініш түсірген. Алматының Алмалы аудандық соты бұл өтінішті қанағаттандырыпты.

 

Осы қылмыстық іс аясында бір серіктестікті сотқа дейінгі тексеру барысында Әбдәлиевке тиесілі 762 мың доллар мен 915 мың теңге алынғаны туралы да айтылады. Сотқа оларды да тәркілеу жөнінде өтініш түсіріліпті.

 

Қысқасы, бүгінде заңсыз жолмен табылған 2,1 миллион доллардан аса қаржыны мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты шаралар атқарылып жатыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ