Прокурордың аға көмекшісі ұсталды

09.04.2018
Қаралды: 237

Бас Прокуратураның ішкі тексеру департаменті Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д.Әбдіхалық пен бұрын сотты болған А.Өтешбаев деген азаматтың ұсталғаны туралы хабар таратты. Онда: «Д.Әбдіхалыққа 1,2 миллион теңге параны Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдік келтіріліп отыр», – деп айтылған.

 

 

Пара Тараз қаласындағы еңбекпен түзеу колония­сында жазасын өтеп жүрген бір адамды қауіпсіздігі біршама төмен қоныс колониясына ауыстыру мәселесін шешу үшін берілмек болған екен.

 

Бүгінде бұл екі азамат Тараз қалалық ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау абақтысында отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ