Көлік академиясы 10 миллиард теңгеге сатылды

10.04.2018
Қаралды: 405

Бүгінде елімізде түр­лі салалардағы ірі нысан­дарды жеке мен­шікке өткізудің екінші толқыны жүріп жат­қаны белгілі. Осы нау­қан аясында Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік академиясы да жеке меншікке сатылды. Жаңа иесі оны 10 миллиард 250 миллион 999 мың 999 теңгеге сатып алды.

 

Бұған қатысты сауда электрондық негізде жүргізілді. Тәртіп бойынша академияны иеленуге үміткер кепілдік жарнаға 72 миллион 150 мың теңге төледі.

 

Академияның жаңа иесіне мынадай шарттар қойылған: Оның академияның жұмыс бағытын өзгертуге құқы жоқ. Сондай-ақ ол оқу орнында жұмыс істейтін мамандарды қыз­метінен қысқартуға 5 жылға шектеу қойылған.

 

...Қазақ көлік академиясының 90 жылға жуық тарихы бар. Онда бүгінде «Көлік техникасы мен құрылыс», «Автоматтандыру мен телекоммуникация», «Логистика және басқару» факультеттері жұмыс істейді. Академия автокөлік және темір жол тран­спортына, метроға қызмет көрсететін мамандарды, ІТ-технология, телекоммуникация, қаржы-экономика жүйесінің мамандарын даярлайды. Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларындағы көлік колледждері осы академияның құрамына кіреді.

 

Ал академия саудаға биылғы ақпан айында шығарылған болатын.

 

Н.ӘБДІ.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ