Әрбір дерттің дауасы бар

06.04.2018
Қаралды: 207

Адам болғасын кейде басымыз ауырып, балтырымыз сыздайтыны рас. Ондайда мына кеңестерді қажетіңізге жаратсаңыз болады:

 

 

Көз ісе беретін болса, турал­ған аскөк шөбінің 1 ас қасығына қайнаған су құйып, жылығанша күту керек. Қанжылым бол­ған кезде дәкені суға малып, көзге басқан пайдалы. Қан қы­сымы жиі көтерілетін адамдардың қайнатқан картопты көбірек қолданғаны жөн.

 

Асқазанында жара бар адамдар күнде таңертең бір қасық сары май мен бал және екі шикі жұмыртқа жұтып тұрғаны өте пайдалы.

 

Несеп шығару жолдары суық­тап, ауыратын болса, ыдысқа салынған бақбақ гүлінің жапырақтарына 1 стакан қайнаған су құйып, 5-10 минут тұндырып қойыңыз. Сәл салқындағанда ұрттап-ұрттап ішкен пайдалы.

 

Өті ауыратын адам бүлдір­ген­нің жемісін жеуі керек.

 

Тамақ ісіп, дауыс қырылдап қал­ғанда кәдімгі құмды аллюминий табаға қыз­ды­рып, қалыңдау сүрткішке орап, кеңірдекке басу керек. Бұл тәсілді күніне жеті-сегіз рет қайталайды.

 

Жүйке қатты күй­зеліске ұшырағанда тырнақтан алақанға дейін мұздай суға салып отырса, жүйкені басады.

 

Денеге шыққан жара іріңдеп кетсе, сәбізді үккіштен өткізіп таң­ған пайдалы.

 

Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады.

 

Операциядан шыққан адамның тілінген жерінің тігісі ажырап кетсе, сирень гүлінің жапырағын үш минут қайнаған суға салып, тігілген жерге таңып, үстін жұмсақ қағазбен орап қойса жақсы болады.

 

Балада энурез ауруы бастал­ғанда дәкені жылы сүтке салып, қуығына таңып қою керек.

 

Артрит пен буын ауруларына шалдыққан адамның көк шай ішкені жөн. Ол ағзадағы тұзды айдайды. Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пісте майды ауыр­ған жерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы.

 

Көздің көруі нашарлай бас­тағанда бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ