Еркектің адам болуы да, ада болуы да әйелге байланысты

05.04.2018
Қаралды: 874

Белгілі бло­гер, психолог Құралай ханым бұл жолы әйелдерге күйеумен қарым-қатынаста есте болуы тиіс тәсілдер туралы айтып береді. Оқыңыздар, ой түйіңіздер!

 

Күйеуді өсіргісі келетіндерге кеңес:

 

Өте әдемі, «крутой» болып түскен суретін (тойда, әдемі киіммен шіреніп отырып түскен немесе медальдар тағып алған), жатын бөлмеңдегі шкафқа іліп қоясың. Қасына А4 қағазға керек қасиеттер мен айлық жалақысының көлемін әдемілеп бастауыш сынып мұғалімінің «почеркісімен» тізіп жазасың. Тізесі шыққан трико, жыртық жейдемен бір бұрыштан сығалап тұрмасын. «Крутой» сурет таппасаң, Бред Питтің журналдағы сықиып, соңғы үлгідегі «Мерседеспен» түскен фотосын қырқып алып, күйеудің басын жапсырып қой.

 

Сосын ақ қағазға: «Бай, бақытты, сүйікті, мені ғана сүйетін, ақылды, ақкөңіл, жомарт, көркем мінез, иманды, адамгершілігі мол, байсалды, сабырлы, жолы болғыш, отбасын ғана ойлап қалған, балажан, арқасүйер азаматым менің!» деп жазып, леп белгісін тарс еткізіп қойып, «скотчпен» жапсыр.

 

Әгәрки күйеуден қорқып, ұялып, суретін шкафқа бадырайтып қоя алмайды екенмін десең, әлгі сөздерді фотоның артқы жағына жазып қой да, құр суретін есікке іле сал. «Осы жерде ілініп тұрсыншы, маған ұнайды», – деп айтқан жөн. Бірақ ол жоқта әлгі сөздерді оқтын-оқтын оқып отыруды ұмытпа!

 

Ал енді күйеуді өшіргің келсе, алқаш, сұмырай, оңбаған, ойынқұмар, қаңғыбас қылғың келсе, онда:

 

- Көрінген жерде, көрінген адамға аузың көпіріп, оның барлық жаман қасиеттерін айта бересің, айта бересің.

 

- Ол туралы әсіресе төркін жаққа көп айтасың, «ватсаптағы» чаттарды да ұмытпайсың. Дүниедегі ең «редкий жмот», сараң, шық бермес Шығайбай екенін бар әлемге жар салсаң жетіп жатыр. Оңбағаныңды жұмыста қысқарту болса,  бірінші шығарады. Сосын сүмірейіп, тура сен сипаттаған кейіппен жүреді, айтпады деме!

 

Күйеуіңмен қоса туған-туысын бірге жамандасаң, тіпті арыға кетесің. Себебі оның туыстарының, атасының аты – сенің балаларыңның фамилиясы. Бала ұру, сабақ оқымау, бұзықтық, тағы басқаның бәрі келеді. Себебі ғылымда «родовая карма» деген бар. Оның әулетін, түп-тамырын жамандағаның көзге көрінбейтін, нәзік әлемдегі байланыс арқылы балаларыңа тура тиеді. Неге дейсің бе? Себебі олардың, яғни қайын жұрт пен сенің балаларыңның түбі бір, қаны бір, ДНК-сы бір. Сондықтан тамырын шірітсең, ағашың жеміс бермейді. Тамыр – ата-баба, жеміс – ұрпақтар.

 

Күйеу жұмыстан келе сала,  «Зар-заман» мюзиклының премьерасын қоясың. Солист – өзің, ұлдарың мен қыздарыңды аңыратып, қосылдырып қоясың. Кейде өз анаңды, әпке-сіңлілеріңді қосып алсаң, тіпті тамаша. Өшіргің келген күйеу сеспей қатады, сосын бір апта «запойға» кіріп кетеді.

 

Қанша ақша әкелсе де мынадай тыржиған қабақпен қарсы аласың: «Осы-ақ па, не?! Елдің байы – бай, менікі – сұмырай», – дегенді де айтуды ұмытпайсың. Сыныптастарымен, достарымен салыстырып, олардың тапқан ақшасы мен сенікінің арасындағы жер мен көкті ажыратып, көкесін көзіне көрсетесің. Бітті! Осы жағдайлардан кейін күйеуің өмірі дұрыс ақша таппайтын, нағыз қайыршының өзі болады.

 

С. ИКРАМҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ