Жүгері ұнынан нан пісіруде

04.04.2018
Қаралды: 140

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде Түркіменстанның бірқатар аумақтарында ұн тапшылығы орын алып, жұрт бидай кебегін нанға жаратып жатқаны туралы жазған едік. Қазір ондағы жағдай күннен-күнге нашарлап барады.

 

Бүгінде бұл елдің Мары және Дашогуз облыстарында ұн жетіспеуі салдарынан жұрт жаздық ақ жүгеріні диірменнен өткізіп, соның ұнынан нан пісіруде. Әйелдер нанды күндегісін күнде пісіруге тырысады, өйткені мұндай нан ертеңге қалса тастай болып қатады, адам оны жібітіп жеуге мәжбүр болады.

 

Осыған дейін бидай кебегінен нан пісіргендер енді оны да таппай, қыста мал азығы үшін пайдаланылатын ақ жүгеріге ауыз салды. Ақ жүгерінің құны да артуда. Бүгінде оның 1 килосы 2 – 5 манат аралығында сатылуда. (1 доллар 3,5 манатқа тең).

 

Бүгінде бұл аумақтың кей дүкендерінен сирек жағдайда шығарылғанына оншақты жыл болған 50 килолық қапшықтағы қазақстандық ұнды табуға да болады. Мұндай ұнның құны 180 – 190 манат тұрады.

 

Бидай мен ұн тапшылығы бүгінде әсіресе тұрмысы төмен отбасыларды қатты уайымға батырып тұр.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ