55 килолық қошқарды 50 мәрте көтерді

03.04.2018
Қаралды: 124

Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі  Түлкібас ауданында кең көлемде аталып өтті. Аудан орталығында орналасқан «Жанкент» мөлтек ауданындағы «Тұңғыш Президент саябағында» өткен мерекелік іс-шараға келгендердің қарасы тым көп болды.

 

Наурыз мерекесінде қазақша күрес, асық ату, арқан тарту секілді ұлттық спорт түр­лерімен қатар гір тастарын, салмағы 55 кило тартатын тірі қошқарды көтеру жарыстары мереке шырайын аша түскені анық. Осы қошқар көтеруде Көкбұлақ ауылының тумасы Оралхан  Есенбаев 55 килолық қошқарды 50 мәрте қиналмай көтерді. Ол жеңімпаз атанып, отбасына олжалы оралды.

 

Мереке барысында асық атудан, арқан тартудан, гір тастарын көтеруден, күрестен бағы жанғандар да арнайы сыйлықтармен марапатталып, мерейлі болды.      

                                                                                                

Орынтай КӨМЕКОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ