Әкім ағамызға алғыс айтамын

03.04.2018
Қаралды: 117

«Айқаракөз – ай болсын!» – деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы. Онымен қоса тұсауын кесіп, шын пейілімен баламды құшақтай қолына көтеріп, бір сүйіп алған облыс басшысына разы болдым. Балажан кісі екен.

 

Сонша дайындалып тұрғанда әкім елемей кетсе, сағың сынады ғой. Ал Жансейіт мырза біздің өтінішті жылы қабылдады. Арнайы да­йындық жасаған киіз үйге келіп, Айқаракөз қызымның тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

 

Одан кейін ырымдап бүлдіршіннің алдына кілт, ақша, домбыра және кітап қойдық. Ай­қаракөз кітапты таңдады. «Кітап таңдаса, бұл қыз оқу, білім іздеген, білімді азамат болады», – деді Ж.Түймебаев. Көпшілік әумин дедік.

 

Өз басым әкім ағамызға алғыс білдіремін. Қарапайым кісі екен.

 

Дастан БАШИРОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ