Сараптаманы шетелдіктерге жасатпақ

02.04.2018
Қаралды: 391

Сарыағаш ауданының Абай ауылында орын алған қолайсыз оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Зорланды деген 7 жасар бала мен оның анасы ауылдарына барып қайтты.

 

Сарыағаш аудандық білім бөлі­міндегілердің мәлімдеуінше, баланың айтқандары дәлелденбеген көрінеді. Сондықтан анасының өтініші бойынша үшінші мәрте медициналық сараптама тағайындалмақ, оған мамандарды шетелден шақыру жө­нінде ұйғарылыпты.

 

Қорғаушысы Бауыржан Азановтың «Нұр.кз» сайтына берген сұхбатынан мәлім болғаны – бала өзін өте жайсыз сезініп жүр екен, ауылынан қорқып қалған. Қорғаушысының айтуынша, ол Абай ауылына арнайы барған Бас Прокуратура өкілдеріне оқиға орын алған жерлерді көрсетіпті.

 

Б.Азанов тексеру жұмыстарына ойдағыдай өтіп жатыр деген баға беріп отыр. Ал бала мен анасы ауылында бір-екі күн болғасын Алматыға қайтыпты.

 

Бұл оқиғаның барысы әзірге осындай болып тұр. Бас Прокуратураның өкілдері тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ