Наурызкөже неге 7 түрлі дәмнен жасалады?

02.04.2018
Қаралды: 89

Қазақтың бір жақсы дәстүрі – наурыз айында наурызкөже пісіру, одан ағайын-ту­ыс, көрші-қолаң­ға дәм татыру. Ал ол неге 7 түрлі дәмнен жасалады?

 

Су. Өмір – өзен, ұрпақ – өріс, судай асып-тасысын дегені.

Тұз. Тұзсыз астың дәмі кірмейді. Ешқашан дәмсіз сөйлемейтін қазақ тұзды да осы қасиеті үшін қадірлейді.

Сүт, ағарған. Сүттей ұйып отыруды, көңілдің ақ болуын ырымдау.

Құрт. Құрт – күшті ас, денсаулыққа пайдалы. Оны ел қуаты артсын, денсаулығы нығайсын деп қосады.

Сақталған сүр ет. Ет – қазақтың ұлттық тағамы. Қазан толсын, асар мол болсын дегені.

Арпа. Арпа да ағзаға пайдалы, шипалы дақыл.

Күріш. Күріштің де денсаулыққа, ішкі құрылысты тазартуға пайдасы бар.

 

Жалпы, наурызкөжеге дәнді дақыл қосатыны – бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын дегеннің ырымы.

 

Негізі бүгінде наурызкөжені да­йындаудың түрлі тәсілдері бар. Әр аумақ адамдары оны әрқалай пісіріп те жатады. Оған қосатын дәмдерде де айырмашылық болуы мүмкін. Дегенмен түпкі мазмұны бір: оның астарында елдің ырыс-құты артсын, ауызбіршілік, ынтымақ салтанат құрсын деген ізгі тілек жатыр.

 

Қарлығаш ТҰРАРБЕКОВА.

Асықата кенті. Мақтаарал ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ