Қазығұрттың басында кеме болмақ

02.04.2018
Қаралды: 556

Бұл жөнінде таяуда Қазығұрт тауы бөктерінде өткізілген Наурыз мерекесі кезінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтты. Ол кісі жұртты бұған қатысты алда атқарылады деп жобаланған іс-шаралардан құлағдар етті.

 

 

Қазығұрт тауында үш қабатты алып кеме тұрғызылмақ. Биіктігі – 15 метрге, ені 30 метрге жететін бұл кемеде мұражай, қонақүй, мейрамхана, көру алаңдары болады. Бұл маңға сондай-ақ ұзындығы 2 шақырымды құрайтын автокөлік жолы, осы шамалас жаяу жүргіншілерге арналған жол салынбақ. Аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады, онда демалыс аймақтары, «Кемеқалған» кешеніне апаратын арқанжол, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілетін атшабар салынады. Ол жерде кейін жүйелі түрде көптеген маңызды мәдени іс-шаралар атқарылып тұратын болады.

 

Қысқасы, алдағы жылдары Қазығұрт өңірінде осындай ауқымды жұмыстар істелінбек. Ең бастысы, ол туризмді дамыту мақсатына қызмет ететін болады.

 

Әрине, бұл – орасан күрделі жоба. Ал іске асып жатса, онда Қазығұрттың әлем назарын аударарлық көрікті аумаққа айналуы әбден мүмкін-ау.

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ