Елімізде көптеген маңызды нысандарды аукционға қою арқылы жекешелендіру науқаны жүріп жатқаны белгілі. Осы іс-шара аясында әйгілі «Сарыағаш» шипажайының да сатылымға қойылғаны мәлім.
«Сарыағаш» шипажайының сатылымы өткен, 2017-жыл соңында өтуі тиіс еді, бірақ кейін биылғы жылдың наурыз айына қалдырылған болатын. Шипажай кешегі 27-наурызда сатылуы тиіс болатын, дегенмен сатылым мерзімі тағы да кейінге шегерілді. Енді ол биылғы жыл соңында, 4-желтоқсан күні өткізілетін болды.
Шипажайдың жекеге сатылу бағасы – 3 миллиард 414 миллион 181 мың теңге. Кепілдік құнға 500 мың теңге төленуі тиіс.
Бұған қатысты тендерлік шартта бірнеше талап-ережелер көрсетілген. Соның бірі – шипажайды жеке меншігіне алушы оған нарықтық құнының 50 пайызы деңгейінде инвестиция салуы қажет. Сондай-ақ жаңа қожайын ондағы жұмыс орындарын сақтайды, қосымша 30 жұмыс орнын ашады.
Р. ҚАЛТАЙ.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!