Қоғам неден бұзылады?

29.03.2018
Қаралды: 263

Әйелі ерді баса-көктеп, азаматының алдына шығып кеткен қоғамда, өзінің әйел екенін, нәзік, әлсіз жаратылыс иесі екенін ұмытқанда, әйел еркекке мойынұсынбаған, бағынбаған қоғамда жамандық көп.

 

 

Әйел еркекті әлсіз, сұйылып кетті деп таныған қоғамда, бала тәрбиесіне мән бермегенде, күйеуін ез қылып, ұлын қыз қылып өсірген қоғамда ештеңе де жақсы болмайды.

 

Әйел қатты сөйлеген, әйел ашынған қоғамда, ол бұзылған, маскүнемдікке салынған, нашақор болған қоғамда, әйел жезөкшелікпен айналысқан, шешінген қоғамда, ол рухани азып-тозған, азғындаған қоғамда, әйел еріне сатқындық жасаған, жұмыстан бас алмаған, ақшаны күйттеп кеткен қоғамда біржыныстылар, гейлер, лесбиянкалар, педофилдер көбейеді, еркеккіндіктілер рухани да, физиологиялық тұрғыдан да әлсірей бастайды. Мұндай қоғамда бұрын-соңғы естімеген сұмдықтар мен зұлматтар артады.  Әйелі еркектің энергиясына өтіп, үйдегі бар билікті қолына алған кезде ерден күш кетеді, ұлы әлсіз болып өседі.

 

Бұдан шығар қорытынды: Әйел түзелсе, қоғам да түзеледі.  Өздеріңізді түзетуге тырысыңыздар!

 

Әйел адам өзін жақсы сезініп, балбырап жүргенде оған қажетті дүниенің, істің, адамның барлығы өзі келеді.  Яғни әйел бір нәрсесін берген кезде, бөліскен кезде, көмектескенде оған қажеттінің бәрі өзі келеді.  Тек оған шыдамдылық керек.

 

Әйел үнемі «сыйыну практикасын» жасауы тиіс. Әйел үшін еденді жуу да медитацияға айналуы тиіс. «Барлық жамандықты жуып жатырмын», – деп әндетіп жүріп еден жусаңыз, үйді айнадай қылғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Еденді сүртіп жүріп, санаңызды тазалайсыз.

 

Қандай да бір сұрақтың жауабын таба алмасаңыз, үйді жинап жүріп, миыңызды да жинақтап жатқандай ойлаңыз. Және «Маған мынадай да сұраққа тиісті жауап келсін» деп айтыңыз.  Жауап келеді. 

 

Көңіл құлазыса, дереу үйді тазалауға кірісіңіз.  Өзіңізге шабыт сыйлайтын іспен айналысыңыз!

 

Ж.БАЙСЕМІЗОВАНЫҢ

желідегі жазбасынан 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ