Балаңыз әкесін құрметтей ме?

29.03.2018
Қаралды: 436

Ана – ең ұлы ұстаз. Сәби ананың жатырында жатып-ақ оның айтқанын қайталауға тырысады екен.  Яғни жаман сөзді де, жақсыны да.  Ананың барлық ойы баланың болашақ мінезіне, болмысына ықпал етеді.  Анасы көрінген нәрседен сескене берсе, нәресте қорқақ болады.

 

 

Сәби төрт жасқа толғанға дейін анасы мен бала арасындағы байланыс өте маңызды. Өйткені осы кез аралығында әйелдің өмірге деген көзқарасы, әлемді қабылдауы, адамдармен қарым-қатынасы түгелдей перзентіне беріледі.  Демек, жақсы дүние ойлау, тамаша көңіл-күйде болу, өмірді сүю, ешнәрсеге қарамастан бақытты болу, жаман әдеттерден арылу, сөз, көзге абай болу – ананың басты міндеті.

 

Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, төрт жасқа дейін барлық ақпарат баланың миына жазылады екен.  Сіздің бүкіл ой-әрекеттеріңізді бала қабылдайды.  Бала бәріне үйренуі үшін мықты фундамент қажет.  Ол – құрмет.

 

Әйел өзінің күйеуін құрметтеу арқылы балаға әкенің авторитет екенін көрсетеді.  Осылайша баланың санасында әкеге деген құрмет қалыптасады. 

 

Ең маңызды фундаментальды заң –  «Үлкенді тыңдау керек».  Егер балаларыңыздың өмірден баз кешкенін қаламасаңыз, өмірінің қиқы-жиқы болғанын қаламасаңыз, қайғырғанын қаламасаңыз және олардың бүкіл білімді бойларына жинағанын қаласаңыз, онда адамдарды құрметтеуді үйретіңіз. Әкесін құрметтемеген адамды, мейлі ол кейін өзгеріп, қанша жерден кішіпейіл болса да ешкім тыңдамайды, сыйламайды.

 

Ж.БАЙСЕМІЗОВАНЫҢ

желідегі жазбасынан 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ