Сталиннің немересі не деген?

28.03.2018
Қаралды: 324

Ғаламторда бір қы­зық оқиға туралы дерек жүр. Онда Сталиннің қызы Светлана Алли­луе­вадан туған немересі Крис Эванс туралы айтылады.

 

 

С.Аллилуева 1966-жылы КСРО-дан АҚШ-қа қоныс аудар­ған. Сол жақта Уэс Питерс деген архитектормен тұрмыс құрған. Қыздары 1971-жылы өмірге келіпті, атын Ольга деп қойған. Ольга кейін аты-жөнін Крис Эванс деп өзгерт­кен.

 

Осы К.Эвансты бүгінде жұртшылық көріпкел деп таниды екен. Тіпті «Мыстан» деп атайтындар да бар көрінеді. Бүгінде АҚШ-тың Портленд қаласында тұратын К.Эванс – ескі заттарды сататын шағын дүкеннің иесі, дүке­нінде көбіне магиялық заттар сатады деседі.

 

К.Эванс 2016-жылы омырау обы­рына ұшыраған екен. Білікті дә­рігерге көріну үшін сағаттап-күн­деп кезекте тұруға мәжбүр болған. Өзінің айтуынша, сол кездері оның бойында көріпкелдік, емшілік қасиет оянған көрінеді. Ол бүгінде кімнің қашан телефон соғатынынан бас­тап, дүниежүзілік деңгейдегі үлкен табиғи апаттарды да алдын-ала болжай біледі деседі. Ол әсіресе қай жерде қашан зілзала орын алатынын түсінде көріп, айтып бере алады екен. Яғни түс көрген күннің ертеңіне ұйқыдан тұрғанда өз еркінсіз кар­таның алдына барып, апат орын алатын нүктені саусағымен нұқып көрсетеді дейді. Басқа да қызықтары бар. Өзі өзгеше, әлем-жәлем киініп жүре­тіндіктен жұрт оның сөзіне сенер-сенбесін білмей де қалады екен.

 

Міне, осы Эванс адамзат тари­хындағы 3-ші Дүниежүзілік соғыс қашан басталатынын болжаған көрінеді. Яғни ол өзінің атасының Мәскеу түбіндегі Кунцевода­ғы саяжайы бұзылған күні соғыс басталады деп айтыпты. Бұ­ған қа­тысты ол өткен 2-нау­рызда түс көрген екен.

 

Ал Сталин 1953-жылы 5-нау­рызда осы Кунцеводағы саяжа­йында қайтыс болған. Содан бері ол бейне бір мұражай сияқты, сол күйінде тұр. 65 жылдай уақыт өтсе де онда ештеңе өзгертілмеген. Пайдаланылмайды, тек күзетіледі.

 

Эванс өзінің бұл түсі мен болжамы туралы АҚШ-тың белгілі кө­ріпкел-сәуегейлеріне айтқанда олар бұған аса таңқалмапты, ол жөнінде өздері де, ресейліктер де бұрыннан білетінін айтыпты.

 

...Қалай болғанда да аталған саяжайдың сол күйінде сақталуы тегіннен-тегін емес сияқты. Оның шынында да бір тылсым сыры бар шығар, кім білген...

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ