Алтын ұрлаушылармен ауыз жаласқан

27.03.2018
Қаралды: 301

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақмола облыстық ішкі істер департа­ментінің бірнеше лауазымды басшыларын ұстады. Оларға «Қазақалтын» акци­онерлік қоғамына қарасты кеніштерден заңсыз алтын ұрлаушылар­ға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.

 

 

Күдіктілер қатарында Степногорск қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, департаменттің жедел уәкілдері, Ақсу және Бестөбе полиция бөлімдерінің бастықтары, сондай-ақ теріс діни ағымды ұстанатын бір топ азаматтар бар.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақмола облыстық департаменті бұл жөнінде былай дейді: «Аталған лауазымды тұлғалар өздеріне сенімді адамдар арқылы алтын іздеушілерді шахтаға өткізіп, олардың құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіріп, сатуына жағдай жасаған, сол үшін жүйелі түрде бірнеше мәрте пара алған. Тексеру кезінде 23 миллион теңгеден астам ақша, мылтық, жарылғыш зат, бос және гранулденген күйдегі алтын тәркіленді».

 

Бұл іс бойынша ұсталғандар Көкшетаудағы уақытша оқшаулау абақтысына қамалған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ