Экс-әкімге 12 миллион теңге айыппұл салынды

26.03.2018
Қаралды: 181

Газетіміздің таяудағы нөмірінде кейінгі 3 жылдан аса уақыт Жетісай қаласының әкімі қызметін атқарып келген Байдуалы Базарбаевтың істі болғаны туралы жазып едік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның мәліметінше, ол өз кабинетінде 200 мың теңге пара алу үстінде ұстал­ған. Оны 13 миллион теңгеге бағаланған үйін кепілге қойғандықтан қамауға алмаған еді.

 

 

Кешегі аптада бұл іске қатысты сот  үкімі шықты. Сот Б.Базарбаевты айыпты деп тауып, оған 12 миллион теңге айыппұл салу жөнінде шешім шығарды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ