Бұрынғы прокурор қамауға алынды

26.03.2018
Қаралды: 159

Түркістан қаласының бұрынғы прокурорына  ірі мөлшерде пара алған деген айып тағылып отыр. М.Зұлпыхаров пен оның көмекшісіне қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыс­тық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен.

 

 

Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры бүгінде уақытша тергеу абақтысында отыр. Ал көмекшісі Бақыт Жү­нісовке қылмыс жасауға көмектескен деген күдікпен «кепіл» бұлтартпау шарасы қолда­нылған.

 

Таяу арада бұл іске қатысты сот процестері басталмақ.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ