Наурыз Қазығұрттан басталды

23.03.2018
Қаралды: 382

Газетіміздің өткен нөмірінде биыл Оңтүстік өңірі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды қасиетті Қазығұрт тауының баурайынан бастайтынын хабарлаған едік. «Наурыз Қазығұрттан басталады» деген атаумен сол той кешегі 21-наурызда  Қазығұрттың етегіндегі Атбұлақ ауылының маңында дүркіреп тұрып өтті. Оған алыс-жақыннан мыңдаған адам  қатысты.

 

 

Бұл қазақтың сән-салтанатын ұлықтаған керемет мереке болды. Дала төсіндегі этноауылға 40-тай киіз үйлер тігілген, алтыбақан орнатылып, ұлттық ойындар өтетін алаңшалар салынған. Жиылған жұртшылық арнайы жасалған көрмелерден қолөнер шеберлерінің туындылары мен ұлттық тағамдардың түр-түрін көріп, тамашалады.

 

Бұл іс-шара кезінде мыңнан аса өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Басталған кездегі «Тіршілік басы – Қазығұрт» қойылымы өте әсерлі болды. Онда 200-ден аса адамның қатысуымен бағзы замандағы топан су басуы кезіндегі Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұрттың басына келіп тоқтағаны бейнеленді.

 

Қысқасы, бұл әсері көпке дейін көкейден кетпестей бір әдемі мереке болды. Наурызды тойлау бүгінде облысымыздың барлық аумақтарында жалғасып жатыр.

 

Еліміз бейбіт күнде осылай өсіп-өркендей берсін дейміз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ