«Ауылдың» адамдары «Асарға» ағаш екті

23.03.2018
Қаралды: 326

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Наурыз мерекесі қарсаңында «Өз талыңды отырғыз!» атты жалпыреспубликалық акция өткізу жөнінде бастама көтергені белгілі. Ол биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

 

Кешегі аптада партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы осыған қатысты іс-шара ұйымдастырды. Партия төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаевтың және партияның 300-ге тарта белсенді жас өкілдерінің қатысуымен Шымкенттің «Асар» шағын ауданындағы орталық саябағына қылқанжапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

 

Біз «Өз талыңды отырғыз!» атты бүкілхалықтық акцияны қолдап, елдің әрбір азаматын ағаш отырғызып, елді көріктендіруге шақырамыз.

 

«Ауыл» ХДПП облыстық филиалы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ